<

НҰСҚАУЛЫҚ

пробиотик+пребиотик
нәрестелерге, балаларға және ересектерге арналған

Нормобакт L – бұл пробиотиктер (тірі сүтқышқылды бактериялар Lactobacillus rhamnosus GG) мен пребиотиктердің (фруктоолигосахаридтер) біріктірілімі, «пайдалы» бактериялардың өмірін ұзартады және олардың ішектегі мөлшерін айтарлықтай жоғарылатады; организмнің иммундық тұрақтылығын қалпына келтіреді.

Сипаты

Ақтан ақшыл сары түске дейінгі ұнтақ.

Құрамы

1 сашенің (3 г) құрамы: мальтодекстрин, Lactobacillus rhamnosus GG (4х109 КТБ) лиофилизденген сүт қышқылды бактериялары, фруктоолигосахаридтер, майлы қышқылдардың моно- и диглицеридтері (Е 471) – субстанциясы, жабысуды алдын-алады.

Қолданылу аясы

Нормобакт L ішектің бактериалдық флорасын толықтыру үшін пробиотикалық микроағзалардың көзі ретіндегі тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады:

  • антибиотикотерапия кезеңінде, сондай-ақ антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқаннан кейін 2-3 апта ішінде,
  • климаттық зонаның өзгеруі кезінде сапарда, ІҚЖ-нда микрофлора құрамында өзгерістер болуы мүмкін жағдайда,
  • ішектің бұзылуы жағдайында, соның ішінде ротавирустық жұқпадан туындаған бұзылуларда.
Қолдану бойынша ұсыныстар

1 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға – тамақтану кезінде күніне 1 сашеден.

3 жастан кіші балалар үшін, қолданар алдында сашенің ішіндегісін сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінде еріту керек; емізудегі балалар үшін, қолданар алдында сашенің ішіндегісін сүзілген емшек сүтінде еріту керек.

3 жастан үлкен балалар мен ересектерге – тамақтану кезінде күніне 1-2 сашеден.

Қолданар алдында сашенің ішіндегісін суда, йогуртта немесе сүтте еріту қажет.

Қолдану ұзақтығы орташа алғанда 10 – 14 күнді құрайды. Антибиотиктермен емделу кезінде және емделу курсын аяқтағаннан кейін Нормобакт L қоспасын қолдану ұзақтығы 2-3 аптаны құрайды.

Нормобакт L қоспасын сұйықтықта ерітуден кейін бірден қабылдайды.

Ұсынылған тәуліктік дозадан асырмау керек.

Негізгі тамақ көзі ретінде қолдануға болмайды.

Нормобакт L құрамында сиыр сүтінің ақуыздары, лактоза, глютен және сахароза жоқ, сондықтан оны организмдері осы заттарды қабылдамайтын тұлғалар қолдануы мүмкін.

Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат болып табылмайды. ГМА-сыз.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІМ

ББҚ компоненттерін жекелей көтере алмаушылық.

ШЫҒАРЫЛУ ТҮРІ

Әрбірі 3 г ұнтақтан сашеде. Қосымша парақшамен картон қорапшада 10 сашеден.

Тарату шарттары

Дәріхана желісі мен мамандандырылған дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы.

Сақтау шарттары

Жабық, түпнұсқалық қаптамада 25°C-ден аспайтын температурада, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл. Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға тыйым салынады.

Өндіруші

Мастер Фарм АҚ, Версальска к-сі, 8, 91-203 Лодзь, Польша

«ПОЛЬФАРМА» АҚ Фармацевтикалық зауыты үшін,

Пельплиньска к-сі, 19, 83-200 Старогaрд Гданьски, Польша

Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым / Импорттаушы

«Химфарм» АҚ

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81. Телефон нөмірі +7 7252 (610151).

Автожауапберуші нөмірі +7 7252 (561342).

Электрондық пошта мекенжайы complaints@santo.kz