Ақтан ақшыл сары түске дейінгі ұнтақ.
НҰСҚАУЛЫҚ
пробиотик+пребиотик
нәрестелерге, балаларға және ересектерге арналған
Нормобакт L – бұл пробиотиктер (тірі сүтқышқылды бактериялар Lactobacillus rhamnosus GG) мен пребиотиктердің (фруктоолигосахаридтер) біріктірілімі, «пайдалы» бактериялардың өмірін ұзартады және олардың ішектегі мөлшерін айтарлықтай жоғарылатады; организмнің иммундық тұрақтылығын қалпына келтіреді.
1 сашенің (3 г) құрамы: мальтодекстрин, Lactobacillus rhamnosus GG (4х109 КТБ) лиофилизденген сүт қышқылды бактериялары, фруктоолигосахаридтер, майлы қышқылдардың моно- и диглицеридтері (Е 471) — субстанциясы, жабысуды алдын-алады.
Нормобакт L ішектің бактериалдық флорасын толықтыру үшін пробиотикалық микроағзалардың көзі ретіндегі тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспа ретінде ұсынылады:
- антибиотикотерапия кезеңінде, сондай-ақ антибиотиктерді қабылдауды тоқтатқаннан кейін 2-3 апта ішінде,
- климаттық зонаның өзгеруі кезінде сапарда, ІҚЖ-нда микрофлора құрамында өзгерістер болуы мүмкін жағдайда,
- ішектің бұзылуы жағдайында, соның ішінде ротавирустық жұқпадан туындаған бұзылуларда.
1 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға – тамақтану кезінде күніне 1 сашеден.
3 жастан кіші балалар үшін, қолданар алдында сашенің ішіндегісін сұйықтықтың жеткілікті мөлшерінде еріту керек; емізудегі балалар үшін, қолданар алдында сашенің ішіндегісін сүзілген емшек сүтінде еріту керек.
3 жастан үлкен балалар мен ересектерге – тамақтану кезінде күніне 1-2 сашеден.
Қолданар алдында сашенің ішіндегісін суда, йогуртта немесе сүтте еріту қажет.
Қолдану ұзақтығы орташа алғанда 10 – 14 күнді құрайды. Антибиотиктермен емделу кезінде және емделу курсын аяқтағаннан кейін Нормобакт L қоспасын қолдану ұзақтығы 2-3 аптаны құрайды.
Нормобакт L қоспасын сұйықтықта ерітуден кейін бірден қабылдайды.
Ұсынылған тәуліктік дозадан асырмау керек.
Негізгі тамақ көзі ретінде қолдануға болмайды.
Нормобакт L құрамында сиыр сүтінің ақуыздары, лактоза, глютен және сахароза жоқ, сондықтан оны организмдері осы заттарды қабылдамайтын тұлғалар қолдануы мүмкін.
Тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспа. Дәрілік зат болып табылмайды. ГМА-сыз.
ББҚ компоненттерін жекелей көтере алмаушылық.
Әрбірі 3 г ұнтақтан сашеде. Қосымша парақшамен картон қорапшада 10 сашеден.
Дәріхана желісі мен мамандандырылған дүкендер, сауда желісінің бөлімдері арқылы.
Жабық, түпнұсқалық қаптамада 25°C-ден аспайтын температурада, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
2 жыл. Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға тыйым салынады.
Мастер Фарм АҚ, Версальска к-сі, 8, 91-203 Лодзь, Польша
«ПОЛЬФАРМА» АҚ Фармацевтикалық зауыты үшін,
Пельплиньска к-сі, 19, 83-200 Старогaрд Гданьски, Польша
«Химфарм» АҚ
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81. Телефон нөмірі +7 7252 (610151).
Автожауапберуші нөмірі +7 7252 (561342).
Электрондық пошта мекенжайы complaints@santo.kz