GG ЛАКТОБАКТЕРИЯЛАРЫ: ЕҢ ТАНЫМАЛ БАКТЕРИЯ ТУРАЛЫ ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ 7 ФАКТ

GG лактобактериялары – біздің ағзамызға қажетті ең көп зерттелген әрі танымал пробиотиктердің бірі. Бірақ біз олар туралы не білеміз? Неліктен LGG ішек микробиомын қалпына келтіруде осыншалықты кеңінен пайдаланылады? Нормобакт L бірнеше қызықты фактілермен танысуды ұсынады.
Біз лактобактериялардың пайдасы туралы қаншалықты жиі естігенімізбен, оның не екені және біздің ағзамызға неліктен қажет екені жайында тіпті ойланбаймыз да. Кейбіреулер оны маңызсыз деп санап, елеусіз қалдырса, кейбіреулер тіпті керексіз деп санайды. Lactobacillus Rhamnosus GG туралы қызықты фактілердің көмегімен осы мифтердің ақ-қарасын ажыратып көрейік.

1-факт: LGG — ең көп зерттелген лактобактериялардың бірі

Пробиотиктер саласындағы ең көп зерттелген штаммдардың бірі дәл осы Lactobacillus rhamnosus, LGG болып табылады. Аталмыш пробиотикалық штамм Lactobacillaceae тобына жатады. Бір қызығы, бұл бактерияны алғашында жеке түр деп бөлмеген, ол небәрі Lactobacillus casei-дің түршесі деп саналған. Дегенмен, біршама ауқымды зерттеулерден соң, 1983 жылы ғалымдар Шервуд Горбах пен Барри Голдин оны бөлек түр ретінде атады. Сөйтіп, 1990 жылдан бастап LGG лактобактериясы тамақ өнімдері мен асқазан-ішек жолын емдеуге арналған препараттардың құрамындағы қосымша ингредиент ретінде пайдаланыла бастады.

2-факт: LGG — қауіпсіз бактериялардың бірі

LGG лактобактериясы – ең көп зерттелген бактерия ғана емес, ең қауіпсіз де болып табылады. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде оны жаңа туылған сәбилердің (өмірінің бірінші айынан бастап), болашақ аналардың, ересектердің және егде адамдардың ішек микрофлорасын қалпына келтіру және қорғау үшін пайдалануға болатыны дәлелденді.

3-факт: LGG — өтке төзімділікке ие

Зертханаларда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Lactobacillus rhamnosus пробиотигінің асқазан мен өттің қышқыл ортасының әсеріне төзімділігі бар. Асқазанға және ішекке түскен кезде аман қалу үшін, бактериялардың дәл осы қасиеті маңызды.

4-факт: LGG-дің иммундық жүйені қалыптастырудағы және қолдаудағы рөлі

Ғалымдар GG лактобактерияларын жүйелі түрде қолдану суық тию мен вирустық аурулардан тезірек сауығуға көмектесетінін дәлелдеді. Сондай-ақ ол екінші типті диабет, Крон ауруы, псориаз, шашыраңқы склероз және басқа да түрлі иммунологиялық аурулардың дамуын болдырмауға ықпал етеді.
Бұдан бөлек, Lactobacillus rhamnosus ішектің қарсы тұру қызметін жақсартып, IgA (+) антиденелерінің санын арттыру арқылы, оның шырышты қабығының иммунитетін көтереді.

5-факт: LGG диария мен дисбиозды аса қысқа мерзімде жеңіп шығуға көмектеседі

Франция және Италия зерттеушілері GG лактобактериялары балаларда ротавирустық инфекциямен ауырған кездегі іш өту ұзақтығын қысқартуға көмектесетінін дәлелдеді.

Өзге мамандар антибиотикпен байланысты диареяны (антибиотиктерді қабылдау кезіндегі іш өтуді) емдеуде және оның алдын алуда лактобактерияның жақсы әсер ететінін анықтады. Бұл лактобактериялардың секрецияны тежеуі және патогенді микроағзалар бөлетін токсиндерді жоюы себепті жүреді. Сондай-ақ, LGG ішекте жағымды микрофлора үшін қоректік орта болып табылатын сүт қышқылын бөледі.

6-факт: LGG қауіпті энтерококк бактериясын жояды 

L. Rhamnosus лактобактериясы бүгінде антиобиотиктерге жоғары төзімділікке ие екенін көрсеткен қауіпті бактерия – энтерококкпен күресте пайдаланылады.

7-факт: LGG «саяхатшы диареясын» ауыздықтай алады

Саяхатшы диареясы – көп саяхаттайтын немесе іс-сапарға жиі шығатын адамдарда өте жиі кездесетін жағдай. Ғалымдар L. rhamnosus лактобактериясын саяхат кезінде қолдану бактериялы ішек инфекциясын жұқтыру қаупін айтарлықтай төмендететінін дәлелдеді.
Нормобакт L препараты отбасының еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейінгі барлық мүшесінің ішек микрофлорасын қорғауға көмектеседі. Лактобактерияның құрамына енетін LGG (Lactobacillus rhamnosus GG лактобактериясы) ішек микрофлорасын қалпына келтіреді және ағзаның инфекцияларға қарсы иммунитетін жақсартады. Ал құрамына қосымша енетін фруктоолигосахаридтер (мальтодекстрин) ішектегі пайдалы бактериялардың өсуіне жағдай жасайды, тамақтағы пайдалы заттардың барынша жеңіл сіңірілуіне ықпал етеді.

  1. https://www.ncbi.nlm.nih.gov/pmc/articles/PMC5038030/
  2. https://www.chr-hansen.com/ru/human-health-and-probiotics/our-probiotic-strains/lgg
  3. http://felizata.com.ua/nutraceuticals/prebiotics-and-probiotics/probiotics/laktobakterii-ramnozus-gg-naibolee-izucheny.html