ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ БАЛАЛАРДАҒЫ ДИАРЕЯ: НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛ МӘСЕЛЕНІ ҚАЛАЙ ШЕШУГЕ БОЛАДЫ
Бір де бір бала іші өтпей өскен емес. Және дәл жаз мезгілінде осы мәселе балақайларды көбірек мазалайды, ал диареяға шалдыққан сәбилер саны көшедегі термометр бағанының өсуіне пропорциялы жылдамдықта өседі.
Негізінде, бала ішінің жазда жиірек өтетініне таңқалатын ештеме жоқ. Өйткені сол мезгілде бүлдіршіндер көп уақытын таза ауада өткізіп, құмнан «үй» тұрғызып, әлпеншек тебеді, жаңа піскен жемістер мен көкөністерді әдеттегіден көбірек жейді, бассейндер мен өзендерде шомылады, басқа балалармен араласып-құраласу көбейеді. Бұл факторлардың барлығы улану, іш өту, құсу, іштің ауыруы сияқты жағымсыз жайттарға тікелей немесе жанама әсерін тигізеді.
Баланың іші өткенде қандай жағдайда расымен алаңдауымыз керек және оның тезірек қалпына келуіне қалай көмектесеміз? Міне, енді осы мәселелердің басын ашып алайық.
Диарея дегеніміз не?
Диарея (іш өту) – асқазан-ішек жолының табиғи қалыпты жұмысының бұзылуы салдарынан, ішек ішіндегісінің тәулігіне 3-тен көп мәрте сұйық нәжіс болып шығауы.
Антибиотиктерді қолдану да сәби ішінің өтуіне апарып соқтыруы мүмкін. Аталмыш дәрілер ішектегі бактериялардың табиғи үйлесімін бұзады. Мұндай іш өтудің өз атауы бар – антибиотикпен байланысты диарея, немесе қысқаша түрде АБД.
Іш өту көбінесе вирусты не бактериялы болып келеді, яғни ішек инфекцияларының көрінісі болып табылады.
Мұндайда нәжіс көпіршікті болады, жасылдау реңкке енеді, шырыштың, кейде қанның араласқаны байқалады, қышқыл немесе сасық иіс шығады. Ал оған қоса басқа да симптомдар қосылады: құсу, дене температурасының көтерілуі, іш ауыруы, жалпы әлсіздік.
Жаз мезгілінде балалардағы диареяның негізгі 5 себебі
Жоғарыда жазғанымыздай, жаз мезгілінде баладағы диареяның көптеген себептері болуы мүмкін. «Айыптыны» оңай анықтау үшін, негізгі себептер тізімін ұсынамыз:
- Вирустық инфекциялар. Көбінесе бұл балалардағы ротавирустық немесе аденовирустық инфекция болуы мүмкін. Бір жақсысы, мұндай «ішек тұмауынан» өткен сәбилерде мықты иммунитет пайда болады. Вирустық диареяның негізгі симптомдары – дене температурасының +38 °С градусқа дейін көтерілуі, құсу, іш ауыруы, іш өтуі, қалтырау.
- Бактериалық инфекциялар. Бұл жерде іш өту сапасыз тамақ өнімдерін не мерзімі өткен тамақтарды қолданғаннан болуы мүмкін. «Лас қолдың ауруы» – дизентерия да осыған жатады. Мәселен, балақай жидекті бұтадан үзіп алып, жумастан жесе, артынша диарея көп күттірмей келуі мүмкін. Бұл топта сальмонеллез бен стафилококк инфекциясын жеке атап өткіміз келіп тұр. Осы бактерияларды жұқтырған тамақтан (жұмыртқа, сүт өнімдері, ет) уланған кезде бактериялық улану симптомдары өте қарқынды дамиды.
- Антибиотик қабылдау. Антиобиотик қабылдау салдарынан болған диарея баладағы бактериялық инфекцияны емдеу барысында басталуы мүмкін. Және бұл тек асқазан-ішек жолының ауруы болуы міндетті емес. Антибиотикпен байланысты диарея балаларда жаздыгүні өте жиі кездесетін ангина не стоматит кезінде орын алуы мүмкін.
- Тамақтан улану. Бала ерте піскен нитратты қауын-қарбыз тілімін жеді ме? Іш өтуінің себебі міне осы.
- Стресс. Отбасының тұрғылықты мекен-жайын ауыстыру барысындағы қобалжулар, жаңа жағдайларға бейімделу кезінде толқу немесе қорқу, мысалы балабақшаға немесе мектепке алғаш рет барар алдындағы уайым балада ұзаққа созылған іш өтуіне апарып соқтыруы мүмкін, мұны елеусіз қалдыруға болмайды.
Жаз мезгілінде балалардағы диареяны емдеу
Әдетте улану немесе вирустық инфекция кезіндегі диареяны емдеу стандартты. Сорбенттердің көмегімен баланың асқазаны мен ішегін токсиндерден тазалап, ағзаның сусыздануын болдырмау үшін, су режимін ретке келтірсе болғаны. Жазда ауа температурасының жоғары болатынын және оның сусызданудың жеделдеуіне әсер ететінін ұмытпау керек. Ал егер сәбидің дене температурасы көтеріліп, құсу қосылса, қарап отыра беруге мүлдем болмайды.
Диарея кезінде сұйықтық беруді бірден бастау керек, себебі бала ағзасындағы болмашы сусызданудың өзі қауіпті. Балаларда судың орнын толтыру механизмі жете дамымағандықтан, олар сұйықтықты көбірек ішу керектігін түсіне алмайды. Тек ересек адам ғана бұл процесті бақылап, баланың сұйық сусындарды қажетті мөлшерде ішуін ұйымдастыра алады.
Диарея кезінде балаға не және қалай ішкізу керек?
Бала ағзасының су-тұз теңгерімін қалпына келтіру үшін жалғыз судың өзі жеткіліксіз. Сұйықтық құрамында натрий мен калий, сондай-ақ күшін қалпына келтіру үшін глюкоза болуы тиіс. Тұздар мен қанттардың керекті концентрациясындағы ерітіндіні өздігіңмен дайындап алу мүмкін емес деуге болады, сондықтан да дәрігерлер балаға дайын регидратациялық препараттарды, басқаша айтсақ, су-тұз теңгерімін қалпына келтіруге арналған, суға езіп, ішке қабылдайтын препараттарды ішкізуге кеңес береді.
Бұл мақсатта Нормобакт Аквабаланс 3-уі 1-де препараты өте жақсы келеді, оның құрамында тиімді глюкоза-тұз концентраты, LGG лактобактериясының пробиотиктері және ішектегі пайдалы бактериялардың өсуіне ықпал ететін пребиотиктер бар. Аталмыш препарат ағзаның су-электролит теңгерімін қалпына келтіреді, ішек микрофлорасын қалпына келтіруге, жедел инфкциялық диарея, антибиотикпен байланысты диарея, құсу, қатты терлететін безгек кезінде сусыздануды болдырмауға көмектеседі.
Бала құсатын болса, ерітіндіні жиі-жиі және аз-аздан беру керек. 1 сағатқа есептелген ерітінді мөлшерін әр 5-10 минут сайын 10-15 мл-ден тамшуырмен немесе шәй қасықпен берген жөн. Сондықтан оятқыш немесе таймер қойып алған дұрыс.
Айтпақшы, Нормобакт Аквабаланс құрамында лактобактериялар болуынан бөлек, тағы бірнеше артықшылықтарға ие. Дәмі жағымды, алма дәміне ұқсайды, балаларға беру оңай және пайдалануға ыңғайлы, 1 қалташасын 200 мл қайнатылған жылы суда езесіз, сондықтан дайындалған ерітінді ескіріп кетпейді, ал оның артығын тоңазытқышта сақтап әуре болмайсыз.
Алма дәмі бар Нормобакт Аквабаланс – сусыздану және диарея кезінде су-элкетролит теңгерімі мен ішек микрофлорасын қалпына келтіруге көмекке келетін, 3-уі 1-де жедел жәрдем.