Пробиотиктердің дисбактериоз емдеудегі және алдын алудағы тиімділігі

Ішек микрофлорасы — бұл адам ағзасында онымен толық үйлесімділікте тіршілік ететін тірі микроорганизмдер. Салауатты микрофлораның маңыздылығына нақты баға беру мүмкін емес: ол қорғаныстық, иммунологиялық, синтетикалық, реттеушілік функцияларға ие, ас қорытуға және қоректік заттарды сіңіруге қатысады, ағзаның өсуі мен дамуы, зат алмасу үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Экзогендік (сыртқы) және эндогендік (ішкі) факторлардың әсерінен микробиомының тепе-теңдігі бұзылуы мүмкін, нәтижесінде дисбактериоз пайда болады. Бұл жағдай өз кезегінде функциялар мен зат алмасу процестерінің бұзылуына әкелуі мүмкін, қатерлі ауруларды тудыруы мүмкін.

Дисбиоз (disbakterioz)

Дисбиоз — пайдалы бактериялардың саны мен сапасының төмендеуімен сипатталатын микрофлораның патологиялық жағдайы. Дисбактериоздың симптомдары баршаға белгілі, бұл оны уақтылы анықтауға және емдеуді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді: пробиотикті диетамен ұштастыру қажет.

Микрофлора тепе-теңдігіне келесілер әсер етуі мүмкін:

  • антибиотиктер мен микробқа қарсы препараттар; 
  • тағамдық қоспалар;
  • дұрыс тамақтанбау, диета, рационға жаңа тамақ түрлерін енгізу;
  • климаттық фактор — уақыт белдеуінің өзгеруі;
  • қатты стресс;
  • АІЖ созылмалы аурулары;
  • соматикалық және инфекциялық аурулар.

Ішек дисбиозына мән бермеу өмірге қауіп төндіретін асқынуларға әкеледі, мысалы, сусыздану, жіті бүйрек жеткіліксіздігі, электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуы, кальций мен калий тапшылығы пайда болады. 

 

 

Дисбактериоз симптомдары мен белгілері

Симптомдары оңай анықталатын дисбактериоз пробиотиктермен түзетуді қажет етеді. Төменде көрсетілген симптомдар кезінде пробиотик препараттарын қабылдауды бастау керек:

  • дәреттің бұзылуы — нәжістің жиілігіне қарамастан кез келген қарқындылықтағы диарея;
  • іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы мен ауырлық сезімі, тіпті тыныш жатқанда да мазалауы;
  • құсу, жүректің айнуы, тәбеттің өзгеруі;
  • газдың көп мөлшерде түзілуі, жиналуы және іштің қампиюы;
  • тамақ ішпегеннің өзінде адамның үнемі кекіруі және іштің қыжылдауы.

Жаңа туылған нәрестелерде дисбактериоздың белгілері мінез құлықтың өзгерісіне ұқсайды:

  • қатты мазасызданады, жылай береді, дұрыс ұйықтай алмайды, ояна береді;
  • бала аяғын бауырына тартып алады;
  • негізгі физиологиялық симптомы — үлкен дәреті бұзылады, іші қатып қалады.

Сәби ішін сипағанда немесе ішіне жылы жөргекті, жылытқыш басқаннан кейін біраз уақытқа тынышталады.

Дисбактериоздың түрлері және ауырлық дәрежесі

Дисбактериоздың жіктелуі этиологиясы (шығу тегі), кезеңдері және жергілікті сипаты бойынша жүзеге асырылады.

Дисбактериоздың пайда болған жеріне қарай төрт түрі бар:

  • рационның дұрыс таңдалмауына немесе жас өзгерістеріне байланысты пайда болатын, анық білінбейтін;
  • ас қорыту жүйесі ауруларының симптомы ретінде — жаралар, гастрит, бауыр мен өт қабы бұзылғанда бірге жүреді;
  • жүйелік патологиялардан (аллергия, инфекциялық және жүйелік аурулар) пайда болған ауру ретінде;
  • микрофлораға дәрі-дәрмектермен тікелей әсер ету нәтижесінде.

Ауырлық дәрежесі бойынша дисбактериоздың төрт кезеңін бөліп көрсетуге болады:

  • Біріншісі — пайдалы бактериялар концентрациясының шамалы төмендеуімен сипатталады. Негізінен жасырын түрде жүреді, кейде ересек адамды диарея мазалап, баланың  іші қатып қалуы мүмкін.
  • Екіншісі — бифидобактериялардың саны азаяды, олардың орнын патогенді флора басады. Бұл кезеңде диарея эпизодтары жиілейді, оларға іштің ауыруы, жалпы әлсіздік қосылады.
  • Үшіншісі — патогенді микроорганизмдер қарқынды көбейеді, симптомдардың қарқындылығы байқалады. 
  • Төртіншісі — интоксикация, жүдеп кету, зат алмасу процестерінің, органдардың функцияларының бұзылуымен сипатталады. 

Көбінесе ішекке дисбактериоз диагнозы қойылады. Дисбаланс асқазан-ішек жолдарының басқа бөлімдерінде де кездесуі мүмкін. Мысалы, ауыз қуысының дисбиозы, бұл кезде ауыз қуысының шырышты қабығының микробтық құрамы өзгереді. Патологияның көрсеткіштеріне тоқталсақ, тіл құрғап, жақ суалып, ақ дақтар пайда болады, удай ашиды, жағымсыз иіс шығады. Бұл стоматиттің бастапқы кезеңі. 

Әйелдердің қынабында дисбактериоз дамуы мүмкін, бұл бактериялық вагиноз деп аталатын инфекциялық аурудың бастапқы кезеңі болып саналады. Вагиналық дисбактериозға жағымсыз симптомдар ілесіп жүреді, шырышты қабығы құрғауы мүмкін, бұл патогендік бактериялардың ену қаупін едәуір арттырады. 

Дисбактериозды қалай емдеуге болады — бұл клиникалық көрінісіне және науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Дисбактериозды емдеу

Дисбактериоз симптомдары кезінде емдеуді мүмкіндігінше ертерек бастаған жөн. Терапиялық бағдарлама жағдайдың этиологиясына байланысты:

  • Егер дисбаланстың себебі антибиотиктер, бұрынғы инфекциялар, улану болса, микрофлораны толығымен қалпына келтіруге болады. Ең тиімді тәсілі — пробиотик препараттарын қабылдау. Кейде бір курсы жеткілікті.
  • Егер дисбаланстың себебі созылмалы ауруларда болса, онда емдеудің тиімділігі төмен болады. Мұндай жағдайларда пробиотиктер негізгі аурудың асқынуына жол бермеу үшін қолданылады, ал микрофлораның өзі жиі түзетуді қажет етеді. 

Егер жиі қайталанатын болса, дисбактериозды өз бетінше емдеуге болмайды. Себебін анықтау үшін диагностикадан өту керек және нәтижелерге сүйене отырып, дәрігер пробиотик препараттың оңтайлы құрамын таңдайды.

Ішек дисбактериозына қарсы Нормобакт пробиотиктері

Ересектер мен балаларға арналған Нормобакт пробиотиктерінің желісі —дисбактериоз бен оның симптомдарын тиімді жоюға арналған пробиотик қоспасы болып табылады. Нормобакт ішек микрофлорасын қалпына келтіреді, оның жұмысын жақсартады, ағзаның қорғаныс күшін жұмылдырады. Нормобакт құрамындағы бактериялар ішектің пайдалы микрофлорасын толықтырады және зиянды бактериялардың өсуін тежейді, ішектің тосқауыл функциясын нығайтудың арқасында ағзаның жалпы иммундық тұрақтылығы да артады.

Нормобакт туралы не білу қажет: қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері жоқ, оны жаңа туған нәрестелер мен жүкті әйелдерге беруге болады. Бұл дәрілік препарат емес, алайда қабылдар алдында дәрігермен кеңескен жөн. 

Дерек көздері:

  1. Диарея. ДДҰ https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/diarrhoeal-disease
  2. Dysbiosis and the immune system, Maayan Levy https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/28260787/