Пробиотиктер антибиотик терапиясы мен диареяның алдын алуға қалай көмектесе алады

Антибиотиктер — инфекциялық ауруларды емдеу үшін тағайындалатын табиғи немесе синтетикалық сипаттағы микробқа қарсы заттар. Мұндай препараттар патогенді микрофлораның көбеюіне тосқауыл қояды, бірақ іріктемелі тәсілді ұстанбай, микроорганизмдердің бәрін өлтіреді. Яғни, ішектің пайдалы микрофлорасын да жояды. Антибиотик терапиясының балалар мен ересектерде дисбактериоз сияқты жанама әсерді тудыруы осыған байланысты.

 

Ішек дисбактериозы — антибиотиктерді қабылдаған кезде ішек микрофлорасының бұзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай. Ауруға диспепсиялық белгілер — іштің айналасының ауыруы, метеоризм, жүректің айнуы, құсу немесе диарея ілесіп жүреді. Аталған симптомдардың ішінде іштің өтуі ең қауіптісі болып табылады. Емделмеген жағдайда диарея сусыздануға, электролиттік тепе-теңдіктің бұзылуына, гипокалиемияға, гипокальциемияға, жіті бүйрек жеткіліксіздігіне әкеледі.

Нормобакт пробиотиктері — ішек микрофлорасын қалыпқа келтіретін, ағзаның инфекцияларға төзімділігін арттыратын, иммунитетті нығайтуға ықпал ететін препараттар. Олар өздерінің құрамының арқасында профилактикалық әсерге ие: асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, антибиотик терапиясы, интоксикация кезінде ішек микрофлорасының тепе-теңдігінің жоғалу қаупін азайтады. Ішекке пайдалы бактерияларды тарата отырып, пробиотиктер диарея симптомдарын басады, патологиялық жағдайдың себебін жояды.

Пробиотиктердің әсер ету механизмі

Эубиотиктер деп те аталатын пробиотиктер — бұл асқазан мен ішекте сау ортаны қамтамасыз ететін тірі микродақылдар. Олар пайдалы микронутриенттерді ферменттеуге және сіңіруге қатысады, АІЖ шырышты қабығының қорғаныш тосқауылын нығайтып, иммундық жүйенің оңтайлы жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Адамның еңбек өнімділігінен бастап терісінің саулығына дейінгі жалпы жағдайы ішек микрофлорасына байланысты. 

Пробиотиктер негізгі екі функцияны орындайды:

  • Жіті ішек инфекциялары. Пробиотиктер ішектің сау микрофлорасының ажырамас бөлігі болып саналады: олар зиянды микроорганизмдердің өсуін тежп, олардың шырышты қабыққа бекінуіне жол бермейді, токсиндерді («жаман» бактериялардың тіршілік қалдықтары) бейтараптандырады . 
  • Иммунитет. Пробиотиктер антиденелердің түзілуіне серпін береді, олар өз кезегінде инфекциялық агенттерге қарсы тұрады.

 

Мұндай жағдайларда алдын алу және емдеу үшін пробиотиктер ұсынылады:

  • Антибиотик терапиясы. Антибиотиктер — ішектегі патогенді және пайдалы бактерияларды бірдей тежейтін дәрілер, нәтижесінде диарея сияқты жанама әсер пайда болады. Пробиотиктер, мысалы, Нормобакт, сау микрофлораны қалпына келтіреді, оларды антибиотиктермен бірге тағайындайды және антибиотик терапиясы аяқталғаннан кейін тағы 5-10 күнге тағайындауы мүмкін.
  • Дисбактериоз. Бұл жағдай дәрілік терапия, ас қорыту органдарының аурулары, респираторлық вирустық инфекциялар салдарынан да дамуы мүмкін. Дисбактериоз кезінде пробиотиктер диареяны немесе іш қатуды, қатты газ жиналуын, жүрек айнуын жоюға көмектеседі.
  • Интоксикация. Пробиотиктер тамақтан, дәріден уланғанда, экологиялық интоксикация кезінде көмекке келеді. Олар токсиндердің қанға енуіне жол бермей, ішектің шырышты қабығында қорғаныс тосқауылын жасап, оларды сыртқа шығарады.
  • Иммунитеттің төмендеуі. Пробиотиктер ағзаның қорғаныс күшін нығайтады, сондықтан олар емдеу бағдарламасына енгізіледі немесе қалпына келтіру кезеңінде тағайындалады.
  • Тамақтану рационын ауыстыру. Пробиотиктер ас қорыту процестеріне көмектесіп, асқазан-ішек жолдарына жасалған хирургиялық операцияларға, медициналық көрсеткіштерге байланысты диеталар кезінде тағайындалады. Алдын алу мақсатында сау микрофлораны сақтау үшін оларды саяхатшыларға басқа елдердегі тамаққа бейімделу үшін ұсынған жөн.

Дәрігерден консультация алғаннан кейін, стресс, артық жүктемелер, жиі қайталанатын инфекциялық және вирустық аурулар, дене салмағының ауытқуы және диспепсиялық белгілермен қатар жүретін басқа жағдайларда пробиотиктер курсын ішуге болады.

Антибиотик терапиясы кезінде пробиотиктер иммундық жүйеге қалай әсер етеді

Ішек микробиотасы реттеу функциясын атқарады, соның ішінде иммундық жүйеге де әсер етеді. Микрофлора тепе-теңдігі бұзылғанда иммунитеттің төмендеу механизмі бірнеше факторларға байланысты:

  • ас қорыту процестері бұзылады, микронутриенттердің сіңуі нашарлайды, дәрумендер тапшылығы пайда болады, бұл ағзаның иммундық күштеріне теріс әсер етеді;
  • патогенді микроағзалар ішек қабырғаларына жабысып, көбейгенде қандағы токсиндер деңгейі жоғарылайды.

Таблетка, капсула, тамшы, суспензия түріндегі пробиотиктер ішек микрофлорасын қалпына келтіреді, бұл жағымды реакциялар тізбегін тудырады:

  • қоректік заттардың ферменттелуі және сіңуі жақсарады;
  • қабыну процестері тежеледі;
  • токсиндер сыртқа шығарылады. 

Теңдестірілген микрофлора мықты иммунитеттің, қалыпты метаболизмнің, тұрақты психологиялық-эмоциялық жағдайдың негізі болып табылады.

Нормобакт пробиотик препараты ретінде

Нормобакт пробиотигі сау ішек микрофлорасы мен иммунитетті сақтау үшін жасалған. Препарат формуласы ішек бұзылғанда, уланғанда, сусыздану кезінде көмектеседі және алдын алу мақсатында да, микрофлораның тепе-теңдігін сақтау үшін де тағайындалуы мүмкін. Препарат құрамында бояғыштар мен аллергендер жоқ, балаларға 1 айдан бастап беруге болады. Нормобакт L сәбилерге арналған.

Бұл қоспа дәрілік препарат емес, бірақ оны қолдануды бастамас бұрын дәрігермен кеңескен жөн: диагностикаға сүйене отырып, ол доза мөлшерін таңдап, Нормобакт препаратын қалай қабылдау керектігін айтады.

Антибиотик терапиясы кезінде диареяның алдын алу

ДДҰ мәліметтері бойынша, диарея 5 жасқа дейінгі балалардың арасындағы өлім-жітім себептері тізімінде үшінші орында тұр. Сондықтан балалар мен ересектерге антибиотиктер тағайындау кезінде Нормобакт пробиотигінің курсы ұсынылуы мүмкін. Дәріні қалай қабылдауға болатынын дәрігер айтып берсін. Курс клиникалық көрініске, пациенттің жасына және қолдану мақсатына байланысты. Нормобакт антибиотик терапиясы кезіндегі асқынулардың алдын-алу, сондай-ақ жағдайды түзету және жеңілдету үшін тиімді.

Дерек көздері

  1. Диарея. ДДҰ https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/diarrhoeal-disease
  2. Global challenges in acute diarrhea, Jai K Das , Zulfiqar A Bhutta https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/26574867/ 
  3. Probiotics for the Prevention of Antibiotic-Associated Diarrhea in Children Hania Szajewska, https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/26756877/