НҰСҚАУЛЫҚ

Алма дәмі бар балаларға өмірінің алғашқы күнінен
бастап және ересектерге арналған диеталық
емдік және профилактикалық тамақтанудың
арнайы өнімі

Нормобакт Аквабаланс – бyл балаларға өмірінің алғашқы кyнінен бастап және ересектерге арналған екі камералы Дуокам (DUOCAM) қалташасындағы, ауыз қуысының регидратациясы yшін, тyздарының және Lactobacillus rhamnosus GG пробиотиктің комбинациясы.

Қолдану аясы

Ағзаның сусыздануы кезінде су-электролит балансын қалпына келтіру, соннымен қатар ішек микрофлорасын қалпына келтіру және қолдау

Өнімнің қасиеттері
  • Ағзаның су-электролит балансын және ішек микрофлорасын қалпына келтіру;
  • Әр түрлі этиологиядағы дегидратация (сусыздану) кезінде қолдану (жедел инфекциялық диарея; антибиотикпен байланысты диарея; іш жyргізетін дәрілік заттарды қабылдау; құсу; қатты терлеумен қатар дене қызуының көтерілуі);
  • Улану жаrдайында қолдану;
  • Ішек инфекциялары мен ротавирустық инфекцияның кешенді терапия құрамында қолдану.
Екі камералы қалташасының құрамы (2 г + 3,89 г)

А камерасы: декстроза, натрий хлориді, қышқылдықты реттегіш: натрий гидрокарбонаты Е500іі, калий хлориді, кесектелуге қарсы агент: аморфты кремний диоксиді Е551,

«Алма» табиғи хош иістендіргіші (мальтодекстрин, гуммиарабик Е414, табиғи хош иісті композиция, Е1518 триацетин ылғал yстағыш агенті), олигофруктоза, тұрақтандырғыш: гуар шайыры Е412;

Б камерасы: мальтодекстрин, Lactobacillus rhamnosus GG.

Na мен К тұздарының кешені, Lactobacillus rhamnosus GG пробиотигі.

Дайынн ерітіндінің құрамы мен осмолярлығы
Глюкоза 73 ммоль/л
Na+ 60 ммоль/л
K+ 20 ммоль/л
Cl 60 ммоль/л
Бикарбонат 20 ммоль/л
Фруктоолигосахариды 10 мг
Lactobacillus Rhamnosus GG (LGG) 5х109 КОЕ

Дайын ерітіндінің осмолярлығы Балалар гастроэнтерологтары,          гепатологтары  және диетологтарының Еуропалық қауымдастығының (ESPHGAN) ұсынымдарына сәйкес келеді.

  • Натрий мен калий тұздарының кешені су-электролит балансын қалпына келтіреді. Сусыздану кезінде әртyрлі этиологиядағы ацидоз бен электролиттік бұзылыстарының алдын алуға көмектеседі.
  • Lactobacillus rhamnosus GG ATCC 53103 лактобактериясының штаммы антибиотикпен байланысты диарея мен ротавирустық инфекцияның алдын-алу және емдеу кезінде клиникалық дәлелденген тиімділікке ие және асқорыту жолында патогенді микроорганизмдердің өсуінің тежелуіне ықпал етеді.
  • Декстроза ағзаның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және электролиттердің сіңуіне ықпал ететін энергия көзі болып табылады.
  • Мальтодекстрин пребиотикалық компонент болып табылады және ішектің қалыпты микрофлорасының өсуін ынталандырады.
Қолдану бойынша нұсқаулар

«Нормобакт Аквабаланс» ерітіндісін дайындау

1 екікамералы Дуокам (DUOCAM) қалташасының ішіндегісін 200 мл салқындатылған қайнаған суға ерітіп, толығымен ерігенше мyқият араластырыңыз. Ағзаға тұздардың артық түсуін болдырмау yшін көрсетілген су мөлшерінен     кем     емес     су мөлшерін қолдану маңызды.

Нормобакт Аквабаланс көмегімен регидратация 2 кезеңнен тұрады:

Регидратацияның бірінші кезеңі: 4-6 сағатты құрайды. Егер дәрігер басқаша тағайындамаса, ерітіндінің қажетті көлемі 1 кг дене салмағына 50-100 мл мөлшерін құрайды.

Болжамды көлемдер кестеде келтірілген

Жасы Алғашқы 4-6 сағат ішінде ерітіндінің көлемі, мл*
1 жасқа дейінгі балалар 200-650
1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар 750-1200
4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 1300-1500
7 жастан асқан балалар және ересектер 1500- ден жоғары

* Ерітіндінің ең жоғары мөлшері балалар үшін тәулігіне 2200 мл- ден және ересектер үшін 4400 мл-ден аспауы тиіс.

Құсу кезінде ерітіндіні жиі және аз мөлшерде қолдану ұсынылады. Бала yшін 1 сағатқа есептелген ерітіндінің мөлшерін әрбір 5-10 минут сайын 10-15 мл-ден дәрі тамызғыштың немесе шай қасықтың көмегімен беру керек.

Регидратацияның екінші кезеңі: сyйық нәжістің әрбір эпизодынан кейін 50-100 мл, бірақ ауру симптомдары басылғанға дейін 1 кг дене салмағына тәулігіне (бірақ 3 тәуліктен аспайтындай) 50 мл кем емес мөлшерде қабылдау қажет.

Егер ауру белгілері 3 тәулік немесе одан көп уақыт бойы сақталса, дәрігерге көріну керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Компоненттердің жеке төзімсіздігі.

Салмағы 2 г және 3,89 г екі камералы Дуокам қалташасының (DUOCAM) тағамдық құндылығы

көмірсулар-4,61 г, ақуыздар-0 г, майлар-0 г, энергетикалық құндылығы-78,61 кДж /18,50 ккал.

Сақтау шарттары: құрғақ, кyн сәулесінің тікелей тyсуінен қорғалrан, балалардың қолы жетпейтін жерде, +25°С аспайтын температурада сақтау керек.

Сату шарттары: сату орындары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен айқындалады.

Дәрілік зат емес.

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Өндіруші

«S.I.I.T. s.r.l.», Via Ariosto 50/60, 20090 Trezzano S/N, Milan, Италия.

Тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым / Импорттаушы

«Химфарм» АҚ

Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81. Телефон нөмірі

+7 7252 (610151).

Автожауапберуші нөмірі +7 7252 (561342).

Электрондық пошта мекенжайы complaints@santo.kz